Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
Жамбыл облысында жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 қойды қағып кетті. Оқиға 2 қазан таңертең Жұма-Тамды аралығындағы теміржол учаскесінде болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, сағат 07:20-да машинист теміржолға жайылып жүрген қойларды байқап, шұғыл тежегішті іске қосқан. Соның салдарынан пойыз қозғалысы 48 минутқа кешіккен.
Кейін көлік полициясы қойлардың Тараз қаласының 66 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Оған теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін заңға сәйкес шара қолданылды.
Көлік полициясының мәліметінше, жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болған 1166 жағдай тіркелген. Оның 881-і теміржол бойында үй жануарларының жүруіне байланысты болған.
«ҚТЖ» мал иелеріне теміржол маңында жануарларды қараусыз қалдырмауды ескертті. Мұндай жағдай пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, материалдық шығын келтіруі және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Шахтинскте жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 19 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді.
- Соңғы
- Қазан, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қазан 2026