Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект енгізіледі: президент Ли Кай-Фумен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры, танымал сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады. Кездесу басты цифрлық бастамалар мен мектептердегі жаңа жобаларға арналды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Президент Ли Кай-Фудың Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы ұстанымдарын қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Үкімет халықаралық озық тәжірибе мен сарапшы ұсынымдарына сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді бастады.
Пилоттық жоба қыркүйек айында жоба 10 мектепте іске қосылды. 2027 жылғы қаңтар айында 60 мектепке таратылады. 2027 жылғы сәуір айында қамту аясы 500 мектепке дейін кеңейтіледі.
Президент жасанды интеллект игілігін тек қала емес, ауыл тұрғындары мен шағын жинақты мектептер де теңдей көруі тиіс екенін қадап айтты. Кездесуде ЖИ-ді кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тетігі ретінде пайдалану перспективалары да талқыланды.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Орталық Азиядағы алғашқы Qazaq AI Research университетін ашқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026