Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық компаниялар биыл акционерлеріне қанша дивиденд төледі (инфографика)

kz.kursiv.media

Қазақстандық компаниялар биыл акционерлеріне қанша дивиденд төледі (инфографика)

2026 жылы Қазақстан қор биржасындағы бірқатар ірі компания акционерлеріне дивиденд төледі. Ең көп қаражатты ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп бөлді. Ал бір акцияға шаққандағы төлем көлемі жағынан Қазақстан қор биржасының өзі алдыңғы қатарда болды деп хабарлайды Kursiv Media.

ҚазМұнайГаз (KMGZ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 350 млрд теңге дивиденд төледі. Бір жай акцияға 573,66 теңгеден келді. Компания төлемді 18 маусымда аяқтады.

Бұл биыл қазақстандық компаниялар жариялаған ең ірі дивидендтік төлемдердің бірі болды.

Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акционерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендке шамамен 335,2 млрд теңге бөлуді мақұлдады. Бір акцияға төлем 1 292,27 теңгені құрады.

Компания бұл мақсатқа бос ақша ағынының 75%-ын бағыттады. Дивиденд төлеу 28 шілдеде басталды.

Шкала бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін көрсетеді.Kaspi.kz бойынша 2026 жылы бекітілген үш төлемнің жиынтығы берілген.

Kaspi.kz (KSPI) биыл дивидендті бірнеше кезеңмен төледі. Сәуірде 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 850 теңге, маусымда 2026 жылдың бірінші тоқсаны үшін тағы 850 теңге бекітілді. Қыркүйекте екінші тоқсан үшін төлем көлемі 1 000 теңгеге дейін өсті.

Осы үш шешімді қоса есептегенде, 2026 жылы бекітілген дивиденд мөлшері бір акцияға 2 700 теңгеге жетті.

Маңғыстаумұнайгаз (MMGZ) тамызда 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төледі. Жай және артықшылықты акциялардың әрқайсысына 650 теңгеден есептелді.

Нақты төленген сома жай акциялар бойынша 59,6 млрд теңгеден, артықшылықты акциялар бойынша 679,6 млн теңгеден асты.

Halyk Bank (HSBK) акционерлері 2025 жылғы таза пайданың бір бөлігін дивидендке бағыттады. Бір жай акцияға 30,10 теңге төлеу бекітіліп, төлем 18 мамырда басталды.

ҚазТрансОйл (KZTO) бір акцияға 118 теңгеден дивиденд төледі. Акционерлерге бағытталған жалпы сома 45,39 млрд теңгені құрады. Төлем 11 маусымда жүргізілді.

KEGOC (KEGC) 2025 жылдың екінші жартысының қорытындысы бойынша бір акцияға 81 теңгеден дивиденд бөлді. Жалпы төлем көлемі 22,3 млрд теңгеге жуықтады.

Қазақтелеком (KZTK) жай акцияға 321,06 теңгеден дивиденд төледі. Жай акциялар иелеріне төленген сома шамамен 3,43 млрд теңге болды.

Air Astana (AIRA) бір жай акцияға 9,92 теңгеден, ал төрт акцияға тең бір жаһандық депозитарлық қолхатқа 39,68 теңгеден төледі. Нақты төлем көлемі шамамен 3,51 млрд теңгені құрады.

Bank RBK (INBN) бір акцияға 20,07 теңгеден, жалпы 32,23 млрд теңге дивиденд төледі.

«Баян Сұлу» (BSUL) акционерлері бір акцияға 10 теңгеден алды. Компанияның нақты төлеген сомасы шамамен 797,9 млн теңге болды.

Қазақстан қор биржасының (KASE) өзі де акционерлеріне дивиденд төледі. Бір акцияға 4 268,37 теңге, ал жалпы төлемге 4,59 млрд теңге бағытталды.

Осылайша, 2026 жылы дивиденд көлемі бойынша ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп ерекшеленсе, бір акцияға шаққандағы төлем мөлшері компанияның акция саны мен бағасына қарай айтарлықтай өзгереді. Сондықтан бір акцияға төленетін дивидендтің жоғары болуы компанияның дивидендтік кірістілігі де автоматты түрде жоғары дегенді білдірмейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар