Freedom SuperApp клиенттеріне көмектесу үшін ЖИ агентін жетілдіріп жатыр
Freedom Holding Corp. бас директоры әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов AI&Digital Bridge форумында компанияның болашақта жасанды интеллект инвестиция, сақтандыру сатып алу, тур мен әуе билетін брондау, сондай-ақ виза алу сияқты қызметтерді таңдап бере алады деп үміттенетінін мәлімдеді.
«ЖИ қызметінің кеңейгенін қалаймыз. Инвестициялар, сақтандыру, электрондық коммерцияның барлық өнімдері, мүмкін тіпті кейбір тур мен рейстер брондалса дейміз. ЖИ-агент дәл сіз үшін пайдалы әрі тиімді болатын ұсыныстарды бере алуы тиіс», – деді ол.
Оның айтуынша, Freedom түрлі қызметтерді көрсету сапасын жақсарту үшін өз суперқосымшасына ЖИ-ассистентті енгізбек. Бастапқы нәтижелер Тимур Турловты қазірдің өзінде қуантып отыр.
«Бүкіл басқару жүйесі әлдеқайда тиімді бола түсті, өйткені біз жасанды интеллектке процестердің тиімділігі мен белгілі бір көрсеткіштерге қатысты кез келген сұрақты қоя аламыз. Жасанды интеллект деректер қорымызбен байланысқандықтан, ол өте жақсы жауаптар береді», – деді ол.
Дегенмен, холдинг командасы Freedom клиенттерінің алдында тұрған тапсырмаларды орындау кезінде бұдан да жоғары тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Тимур Турлов ЖИ арқасында жұмысы едәуір жақсарған бэк-офисті мысалға келтірді.
«Платформа түрлі сервистері мен қызметтері бар нағыз экожүйеге айналғанда және әрбір қызмет жеткілікті түрде кешенді әрі күрделі болған кезде, клиенттеріміз не иеленетінін және нені қалайтынын түсінуге көмектесуге тырысамыз. Мысалы, маған мейманхана керек, брондау қажет, виза керек, осының бәрін шешуге көмектес дейді», – деді ол.
Холдинг басшысы ЖИ арқасында адамдар енді түсінікті тілде ұсынылған күрделі өнімдерді пайдалана алатынын атап өтті.
«Сондықтан біз бұл тәсілдерге барынша жақындап келеміз деп ойлаймын. Бұл шын мәнінде ең басынан бастап күрделі тапсырма, өйткені кейбір ЖИ-агенттерді бір күнде жасап шығуға болады, ал агент қажетті тапсырмалардың барлығын орындай алуы үшін онымен бір жыл бойы жұмыс істеу керек», – деді Тимур Турлов.
Оның айтуынша, биыл Freedom тағы бір өнімді іске қосады. Дегенмен не туралы екенін ашып айтпады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026