Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Global Innovation Index: Қазақстан Орталық Азияда көш бастады

kz.kursiv.media

Global Innovation Index: Қазақстан Орталық Азияда көш бастады

Қазақстан жаһандық инновациялық индекс бойынша позициясын айтарлықтай жақсартты. 2026 жылғы рейтингте ел 139 экономиканың арасынан 73-орынға жайғасты. Былтыр Қазақстан 81-орында болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл еліміздің соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі болып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орын алды.

Ең үлкен өсім инновациялық нәтижелер көрсеткішінен байқалған. Қазақстан бұл бағытта 84-орыннан 73-орынға көтеріліп, бірден 11 позицияға жақсарған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, инновациялық ресурстар бойынша ел 75-орыннан 73-орынға көтерілді.

Соған қарамастан, Қазақстанда ғылым мен зерттеулерді қаржыландыру, университеттер мен бизнестің байланысы, венчурлік инвестиция және инновациялық кластерлерді дамыту бағыттарында әлі де жұмыс істеу қажет.

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Global Innovation Index-2024 рейтингінде Азия елдерінің үздік үштігіне кірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар