Қазақстандықтар iPhone үшін америкалықтарға қарағанда 1,5 есе көп төлейді
Қазақстанда жаңа iPhone-дардың бағасы АҚШ-тағы ресми бағадан айтарлықтай жоғары. Биыл бұл айырмашылық соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мысалы, iPhone 18 Pro 256 ГБ АҚШ-та 1199 доллар тұрады. Қыркүйектегі орташа бағаммен бұл шамамен 539 мың теңге. Ал Қазақстанда смартфонның бастапқы бағасы 850 мың теңге болды. Яғни қазақстандықтар америкалықтарға қарағанда 57,7%-ға қымбат төлейді.
Еnergyprom.kz дерегіне сәйкес, соңғы бес жылда iPhone Pro бағасындағы айырмашылық 40%-дан 57,7%-ға дейін болған.
Дегенмен смартфонның қазақстандықтар үшін қолжетімділігі біршама артқан. 2022 жылы iPhone 14 Pro 256 ГБ бағасы орташа айлық жалақының 2,6 есесіне тең болса, биыл iPhone 18 Pro шамамен 1,7 айлық жалақыға пара-пар. Бұған негізінен жалақының өсуі әсер еткен.
Қазақстанда орташа айлық жалақы 2022 жылғы 299,8 мың теңгеден 2026 жылдың екінші тоқсанында 486,4 мың теңгеге дейін өскен.
Алайда өңірлер арасында айырмашылық бар. Маңғыстау, Атырау облыстары мен Астанада iPhone 18 Pro-ны шамамен 1,3 айлық жалақыға сатып алуға болады. Ал Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкентте бұл көрсеткіш 2,3 айлық жалақыға дейін жетеді.
Ал Apple-дің жаңа бүктелмелі iPhone Duo моделінің АҚШ-тағы бастапқы бағасы 1999 доллар болды. Қазақстандағы ресми бағасы әзірге жарияланған жоқ. Егер бұрынғы баға айырмашылығы сақталса, оның құны елімізде шамамен 1,26–1,42 млн теңге болуы мүмкін.
Бұл жағдайда жаңа құрылғыны сатып алуға қазақстандыққа орта есеппен 2,6–2,9 айлық жалақы қажет болады. Жаңа шыққан iPhone 18-дің бағасы АҚШ-тан 60 пайызға қымбат сатылып жатыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 30
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026