Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстаудағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан 4 адамға айыппұл салынды

kz.kursiv.media

Маңғыстаудағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан 4 адамға айыппұл салынды

Қазақстанның төрт тұрғыны Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға қатысты әлеуметтік желіде расталмаған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Полиция ақпаратына сүйенсек, екі әйел Facebook желісінде әскери қызметші А.А. туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялаған. Олар әскери қызметші жағалауға өз бетімен шығып, суға батқан жолдасын құтқарғанын және оқиғаның мән-жайы әдейі жасырылып отырғанын жазған.

Тексеру барысында әйелдердің бірі ақпаратты туыстарынан алғанын, екіншісі әлеуметтік желіден көріп, оның дұрыстығын тексерместен жариялағанын айтқан. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

Сонымен қатар, полиция Шымкент тұрғыны С.К. мен Көкшетау тұрғыны К.О.-ның әлеуметтік желіде Маңғыстауда тағы екі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы жалған ақпарат таратқанын анықтаған.

Сот төрт азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, әрқайсысына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Айта кетейік, Маңғыстаудағы әскерилердің қайтыс болуына байланысты Аза тұту күнінде видеосы таратқан 42 жастағы петропавл тұрғыны Ирина Антоненко 10 күнге қамауға алынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар