Депутат өңірлерде жаңа университеттер ашуды ұсынды
«Әділет» партиясының мүшесі, депутат Нұрлан Дулатбеков жастар саны қарқынды өсіп жатқан өңірлерде жаңа университеттік орталықтар құруды ұсынды. 30 қыркүйекте өткен Құрылтай отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке осындай сауал жолдады деп жазады Kursiv Media.
Дулатбековтың сөзінше, жоғары білім мен ғылым жүйесінде бірқатар жүйелі мәселе бар екенін атап өтті. Соның ішінде мемлекеттік университеттердің автономиясын кеңейту, өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету деген мәселелерге назар аударды. Депутат ғылыми әлеует пен қаржыландырудың едәуір бөлігі ірі қалаларда шоғырланғанын айтады.
«Сондықтан өңірлік университеттерді дамыту мәселесі өзекті. Өңірлік жоғары оқу орындары кадр даярлау ғана емес, ғылым мен инновацияның өңірлік орталықтарына айналуға тиіс», – дейді ол.
Депутат жастар саны қарқынды өсіп отырған өңірлерде жаңа университеттік орталықтар құруды ұсынып отыр.
Одан бөлек мемлекеттік университеттердің басқару және қаржылық мәселелердегі дербестігін арттыру туралы да атап өтті. Бұл үшін корпоративтік басқару тетіктерін күшейту қажет деп санайды.Құрылтай мүшесі министрден осы бағыттар бойынша кешенді бағдарлама әзірлеуді және Үкіметтің аталған ұсыныстарға қатысты ұстанымын жазбаша түрде беруді сұрады.
Қазір Қазақстанда 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 12-сі ұлттық, 31-і мемлекеттік, 52-сі жекеменшік университет. Оқу орындарының басым көпшілігі Алматы мен Астанада шоғырланған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ең көп салық төлеген университеттер
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 29
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
30 қыркүйек 2026