95 млн теңге тапқан: TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталып кетті
TikTok-та заңсыз карта ойындарын ұйымдастырып 95 млн теңге заңсыз табыс тапқан төрт адам сотталды. Олардың заңсыз қызметі Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен тоқтатылды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Тергеу барысында облыстың төрт тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлер арқылы заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған.
Олардың бірі құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған болған.Прокуратура мәліметінше, заңсыз ойындарды ұйымдастыру нәтижесінде олар 95 млн теңге көлемінде табыс алған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.Сот төрт адамды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Ал Қызылорда облысында бухгалтер заңсыз 21 млн теңге жалақы алды деген күдікке ілінген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
29 қыркүйек 2026