Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сербия президенті Александр Вучич өз еркімен қызметінен кетті

kz.kursiv.media

Сербия президенті Александр Вучич өз еркімен қызметінен кетті

27 қыркүйекте Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кету туралы арызға қол қойды. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.

Вучич Белградтағы президент сарайының алдында халыққа үндеу жасап, өз жұмысында «көптеген қателіктер жібергенін» мойындады. Сондай-ақ ол өзіне екі рет сенім білдіріп, ел тізгінін сеніп тапсырған азаматтарға алғысын білдірді.

Енді елді жаңа сайлау өткенше Сербия парламентінің төрағасы Ана Брнабич уақытша басқарады. Президенттік сайлаудың алғашқы туры желтоқсан айының соңына дейін өтуі тиіс.

Вучич мұндай шешімге не себепті келгенін де түсіндірді. Оның айтуынша, заң бойынша сайлау кампаниясы басталғанша қызметтен кету міндетті емес болса да, бұл қадамды өзі әділ деп тапқан. Президент өзін «тиран» деп айыптаған саяси қарсыластарының ешқашан ашық диалогқа келгісі келмегенін, тек өз пікірін тықпалағанын айтты.

Александр Вучич бұл отставкаға АҚШ-қа сапарынан кейін кететінін 11 қыркүйекте-ақ хабарлаған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар