Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Литва Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы виза беру орталықтарын жапты

kz.kursiv.media

Литва Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы виза беру орталықтарын жапты

Литва Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ Босния және Герцеговинадағы виза беру орталықтарын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Литваның Ішкі істер министрі Мартинас Кателинас мәлімдеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Министрдің айтуынша, шешім қауіпсіздік саласындағы жағдай мен терроризм қаупін бағалау негізінде қабылданған. Оның сөзінше, Литваның Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті аталған елдерден радикалды көзқарасты ұстанатын бірқатар адамды анықтаған.

«Тәуекелдің нақты оқиғаларға ұласуына жол бере алмаймыз», – деді Кателинас.

Литва Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 227 мың шетелдік тұрған.

Оның ішінде 80 мыңы Украина азаматтары, 48 мыңы Беларусь азаматтары, 13 мыңы Ресей азаматтары, 13 мыңы Өзбекстан азаматтары, 9,4 мыңы Үндістан азаматтары және 7,4 мыңы Тәжікстан азаматтары.

Тағы да оқыңыз: Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүруін отыз күнге дейін қысқартқан

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар