Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий теңізінен құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды

kz.kursiv.media

Каспий теңізінен құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде құтқарылған әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлауынша, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Науқас медицина мамандарының тұрақты бақылауында.

«Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Мамандар тиісті ем жүргізіп, науқастың жағдайын бақылауды жалғастыруда», – делінген басқарма хабарламасында.

Әскери қызметшінің ем алу барысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, бұған ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі себеп болған.

Оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапқан. Үшеуі құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар