Халық кеңесі қандай тәртіппен жұмыс істейді
24 қыркүйекте Халық кеңесі мүшелерінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес мүшесінің бірі Мұрат Әбенов тілшілер алдына шығып, жаңа институт қалай жұмыс істейтінін түсіндірді деп хабарлайды Kursiv Media.
«Жылына кемінде бір рет сессия болады. Шамасы үш комитет болатын сияқты, бүгін шешіледі. Ал комитеттер отырыстар ортасында жұмысын жүргізе береді», – деді экс-депутат.
Оның сөзінше, Халық кеңесінің өз ерекшелігі бар, ол Парламент жұмысын қайталайды деуге келмейді.
«Қайталамайды, оның реттілігі басқаша. Бір жағы заң шығаруға мүмкіншілігі бар, екінші жағынан Үкіметке де, Құрылтайға да ұсыныс беруге мүмкіншілігі бар. Әрине, жаңа институт болған соң жұмысын бастап кетемін дегенше уақыт керек», – деп атап өтті ол.
Әбенов Халық кеңесі мүшелері қоғамдық негізде тегін жұмыс істейтінін де айта кетті. 126 адамның ешқайсысына жалақы төленбейді, ал бөлінген қаржы Кеңес аппаратына жұмсалады екен.
Бұған дейін қаржы министрі Мәди Тәкиев Халық Кеңесі жұмысына 1,7 млрд теңге бөлінгенін айтқан. Ведомство басшысы сол кезде қаражат жалақыдан бөлек түрлі форумдар мен сессиялар жұмысына жұмсалатынын айтқан.
Айта кетейік, Халық Кеңесінің негізігі бірінші сессиясы 23 қыркүйекте өтіп, оған Тоқаев қатысқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026