Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия ойындары: Бүгін Сабыржан Аққалықов бастаған боксшылар шаршы алаңға шығады

kz.kursiv.media

Азия ойындары: Бүгін Сабыржан Аққалықов бастаған боксшылар шаршы алаңға шығады

Сәрсенбі, 23 қыркүйекте Аичи мен Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жарыс жолы басталады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бүгін рингке 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Сабыржан Аққалықов шығады. 1/8 финал кезеңінде ол Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сонмен кездеседі. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталып, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Сабыржан Аққалықов – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ 2025 жылғы IBA нұсқасы бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Қарсыласы Ким Мин Сон 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Кубогының екінші кезеңінің жүлдегері.

Биылғы Азия ойындарында ел намысын 11 боксшы қорғайды:

Ерлер арасында: Махмуд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг), Айбек Оралбай (+90 кг)

Әйелдер арасында: Алуа Балқыбекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (75 кг)

Оқи отырыңыз: 23 қыркүейк күні Қазақстан Азия ойындарында бір алтын, үш күміс алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар