Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия ойындары: Қадырбек Шынбаев Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды алып келді

kz.kursiv.media

Азия ойындары: Қадырбек Шынбаев Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды алып келді

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандықжауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе–жектен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бұл — ұлттық құрама қоржынына ММА спорт түрінен түскен екінші алтын жүлде.

Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Қадырбек Шынбаев алтын жүлде сарапқа салынған шешуші жекпе-жекте тәжікстандық спортшы Бехруз Хуршедзодамен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде отандық жауынгер қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, Азиада чемпионы атанды.

Осылайша, ММА шеберлері Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. Бұған дейін аралас жекпе-жектен 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин де ел қоржынына алтын медаль салған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар