Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайлық WEDRINK өнімдері халал сертификатын алды

kz.kursiv.media

Қытайлық WEDRINK өнімдері халал сертификатын алды

WEDRINK өнімдеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ұйымы тарапынан QMDB HALAL сертификаты берілді. Бұл туралы «Халал Даму» мәлімдеді.

Сертификаттау аясында ұйым мамандары Қытайдағы WEDRINK өндіріс орнына барып, кәсіпорынға толық аудит жүргізген. Тексеру барысында өндіріс процесі, қолданылатын шикізат пен ингредиенттер және оларға қатысты құжаттар қаралған.

Сонымен қатар өнімдер зертханалық зерттеуден өткізілген. «Халал Даму» мәліметінше, тексерілген өнімдердің құрамынан халал талаптарына сәйкес келмейтін жануар текті желатин мен кармин бояғышы анықталмаған.

Сертификаттау кезінде компанияның тек Қытайдағы кәсіпорны ғана емес, Өзбекстан, Малайзия және Индонезиядағы WEDRINK өндіріс орындарының халал сертификаттары да тексерілген.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағындағы өнімдерді сақтау қоймалары мен тарату орындары бақылаудан өткен.

Осылайша, QMDB HALAL сертификатын беру кезінде өнімнің құрамы ғана емес, оны өндіруден бастап Қазақстанда сақтау және таратуға дейінгі кезеңдер кешенді түрде тексерілген.

Wedrink – Қытай компаниясы. Оның бас кеңсесі Қытайдың Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласында орналасқан. Құрылтайшысы – Чжен Беньцзинь. «Wedrink international.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген жылы 114 мың теңге салық төлесе, 2025 жылы төленген салығы 821 млн теңгеден асқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар