Ресейде Тимур Бекмамбетовтің компаниясы жабылады
Ресей федералдық салық қызметі режиссер Тимур Бекмамбетовтің «Урбан Медиа» компаниясын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығармақ, деп хабарлайды Kursiv Media.
SHOT-telegram арнасының мәліметінше, «Урбан Медиа» 2020 жылы фильмдер мен телебағдарламалар түсіру үшін құрылған. Компанияның 50%-ы Тимур Бекмамбетовке тиесілі. Қалған үлестерінің 30%-ын израильдік медиаменеджер Демьян Кудрявцев, 20%-ын компанияның өзі иеленеді. Компанияның басшысы – Александр Карпов.
2025 жылы «Урбан Медиа» ешқандай табыс таппаған. Компанияның шығыны 180 мың рубльді құраса, таза активтері 2,2 млн рубльге теріс көрсеткішке түскен. Сонымен қатар компанияның тіркеу деректерінен қателер анықталған.
Бекмамбетов Ресейден кеткеннен кейін «Ёлки» франшизасымен танымал Bazelevs кинокомпаниясын сатқан.
Қазіргі уақытта режиссер АҚШ, Израиль және Қазақстанда тұрып жүр. Мәскеуде оның жалпы құны жарты миллиард рубльден асатын үш пәтері қалған.
Осыған дейін Қазақстан кинематографистері Тимур Бекмамбетовтің жаңа киносына мемлекеттен 700 млн теңге бөлінетіне қарсы шыққан.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026