Веложолақта самокат айдау үшін куәлік керек пе
Kursiv.media сауалына берілген полицияның жауабында электросамокат жүргізушілері арасында жиі қойылатын сұрақтарға – велосипед жолағымен жүру ережелері, шлем кию және жүргізуші куәлігінің міндеттілігіне арнайы түсініктеме берілді.
Иә, егер велосипед жолағы жолдың шетінде (арнайы таңбалармен немесе бөлу сызықтарымен) орналасса, ол конструктивті түрде жолдың жүріс бөлігінің элементі болып саналады. Электросамокаттарға ең алдымен осы арнайы веложолақтармен немесе жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі.
Жолдың жүріс бөлігіне немесе веложолаққа шығатын барлық электросамокат жүргізушілері үшін қорғаныш шлемін кию міндетті.
Жүргізуші куәлігінің болуы самокаттың техникалық сипаттамаларына (қозғалтқыш қуаты мен максималды жылдамдығына) тікелей байланысты. Егер ол шағын электр көлігі санатына жатса, талаптар жүрген жолына (веложол немесе жүріс бөлігі) қарамастан ортақ ережелермен реттеледі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда электросамокаттар қозғалысын реттейтін заңнамалық өзгерістер 2026 жылдың тамыз айында күшіне енген болатын.
Жаңа ережеге сәйкес, электросамокаттар веложолдар мен жолдың оң жақ шетінде ғана қозғала алады. Ал тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруге тыйым салынды.
Ереже бұзғандар қандай айыппұл арқалайтынын мына жерден көре аласыз.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026