Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасының екінші турында жеңді

kz.kursiv.media

Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасының екінші турында жеңді

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Әйелдер құрамасы Босния және Герцеговина командасын 3:1 есебімен ұтты. Меруерт Камалиденова мен Елназ Калиахмет қарсыластарын жеңсе, Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева партияларын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Нигерияны 3,5:0,5 есебімен жеңді. Денис Махнев, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетсе, Даниял Сапенов тең түсті.

Осылайша екі құрама да турнирде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, командалық есепте төрт ұпайдан жинады.

Биылғы шахмат Олимпиадасына 398 командадан 1974 шахматшы қатысып жатыр. Турнир 11 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтуде.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасының фавориттер қатарына енгенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар