Астанада жаяу жүргіншілерге де айыппұл салып жатыр
Астанада тәртіп сақшылары үш күндік рейд жүргізіп, заң бұзған жаяу жүргіншілерді жауапқа тартты деп хабарлайды Kursiv Media қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Полиция «Назар сал, жаяу жүргінші!» атты акция өткізіп, тұрғындардың жолды қалай кесіп өтетінін, сондай-ақ жүргізушілердің қиылыстардан өту тәртібін бақылаған. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен, ережені сақтамаған 400-ден аса жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты.
Полиция департаменті жүргізушілерден жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда жылдамдықты төмендетуді сұрайды. Ал жаяу жүргіншілерге жолды тек рұқсат етілген жерлерден кесіп өтіп, телефонға алаңдамауға кеңес берді.
Сонымен қатар мамандар мектептер, аялдамалар мен сауда орталықтарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін тексерді. Олар жол белгілерінің жағдайын, жол таңбаларының көрінуін, жарықтандырудың жұмысын және қоршаулардың жай-күйін бағалады.
Оқи отырыңыз: Тоғыз айда 306 рет жол ережесін бұзған астаналық қамауға алынды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026