Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мысыққа зорлап насыбай атқызған – Маңғыстау полициясы мән-жайды анықтады

kz.kursiv.media

Мысыққа зорлап насыбай атқызған – Маңғыстау полициясы мән-жайды анықтады

Маңғыстау полициясы мысыққа зорлап насыбай атқызған жігітке қатысты мән-жайды анықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Әлеуметтік желілерде жас жігіттің мысықтың аузына насыбай салып жатқан видеосы тарады.

Видео жануарға жасалған қатыгездікке наразы болған қолданушылардың ашуын туғызды:

«Өзің аузыңды ашып, 1 келі насыбайды салып көр!», «Сотқа беру керек», «Жазалау керек! Қатаң жаза қолданылмайынша, мұндай жағдай жалғаса береді», «Сұмдық! Адамның жануарға деген қарым-қатынасына қарап, оның жүрегінде қаншалықты мейірім бар екенін көруге болады!» – деп жазды оқырмандар.

Сонымен қатар жарияланым авторлары оқиғаның Маңғыстау облысында түсірілгенін айтқан.

Lada.kz ақпаратынша, қолданушылар оқиғаның Маңғыстау облысында болғанын айтқан. Алайда өңірлік полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған.

Өңірлік полиция департаменті видеоны зерттей келе, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, видеоның Маңғыстауға қатысы жоқ, ол Өзбекстанда түсірілген.

Айта кететін жайт, Таиландта мысықтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар