Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапония визасына өтініш беру тәртібі өзгереді

kz.kursiv.media

Жапония визасына өтініш беру тәртібі өзгереді

Жапонияның Қазақстандағы елшілігі визаға өтініш қабылдау тәртібін өзгертеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, 23 қыркүйектен бастап елшілікке келген азаматтарға реттік нөмірі бар талондар беріле бастайды. Жаңа тәртіп келушілерге ыңғайлы болу және қабылдау терезелеріндегі кезекті реттеу үшін енгізіледі.

«Нөмірлі талондар құжаттарды қабылдау күні сағат 9:30-дан бастап елшіліктің күту залында беріледі. Талон алған азаматтар залда күтпей, сағат 12:00-ге дейін кез келген уақытта құжат қабылдау терезесіне қайта келе алады. Талон визаға өтініш беруге құқық береді. Алайда құжаттар кезек тәртібімен қабылданады», – делінген хабарламада.

Талон тек оны алған күні ғана жарамды болады. Ал дайын құжаттарды алу кезінде талон көрсету талап етілмейді.

Нөмірлі талонсыз өтініш беруге болатын жағдайлар:

Жапония елшілігі Астанада орналасқан. Құжаттар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру 14:30-дан 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Құжаттарға қатысты ескертулер болмаған жағдайда туристік виза бесінші жұмыс күні беріледі. Бір реттік қысқа мерзімді виза берілген күннен бастап үш ай бойы жарамды.

Виза рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімімен елшіліктің ресми сайтынан танысуға болады.

Еске салайық, Жапония үкіметі шетелдік азаматтар үшін елге кіру визаларының құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Министрлер кабинетінің жаңа қаулысына сәйкес, бір реттік визаның құны 3000-нан 15 000 иенге дейін өседі, ал көп реттік виза 6000-нан 30 000 иенге дейін қымбаттайды. Жаңа тарифтер 1 шілдеден бастап берілген өтініштерге қолданыла бастайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар