Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақылды қала Алатау тұрғындары алаңдаулы – депутаттар Бозымбаевқа сауал жолдады

kz.kursiv.media

Ақылды қала Алатау тұрғындары алаңдаулы – депутаттар Бозымбаевқа сауал жолдады

Депутат Жанарбек Әшімжанов Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Алатау тұрғындарының алаңдаушылығын жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Сауалға «Әділет» Фракциясының мүшелері Снежанна Имашева, Бота Елеусізова, Нұрбақыт Теңізбаев, Мадияр Әмірғалиев те қол қойған.

Депутаттардың пікірінше, қала құрамына енген елді мекендердің халқы базалық инфрақұрылым мәселесімен әлі бетпе-бет келіп тұр.

«Цифрлық трансформацияның толық нәтижесі туралы айту да қиындау. Сондықтан Алатаудың дамуын жаңа технологиялық нысандармен ғана емес, халықтың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістермен ұштастыру маңызды», – делінген депутаттың сауалында.

Жанарбек Әшімжанның айтуынша, Еңбек және Жетіген елді мекенінде соңғы жылдары бірқатар түйінді мәселенің шешімін тапқанымен, әлі де проблемалар бар. Кей көшелерде абаттандыру аяқталмаған. Газ желісіне қосылу құны тұрғындар үшін қымбат. Әлеуметтік нысандарға білікті мамандар тарту мәселесі де өзекті.

Депутаттардың сөзіне қарағанда, бұл – жеке ауылдардың ғана емес, Алатау қаласының жаңа моделінің қаншалықты әділетті әрі тиімді қалыптасып жатқанын айқындайтын көрсеткіш.

«Цифрлық мемлекет құру – тек қосымша камера немесе электронды қызмет енгізу емес. Оның мәні – азаматтың уақытын үнемдеу, мемлекеттік қызметті қолжетімді ету, инфрақұрылымды тиімді басқару және шешім қабылдауды нақты деректерге негіздеу, жалпы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта жасақтау», – дейді депутаттар.

Жанарбек Әшімжан бастаған бір топ депутат Бозымбаевтан Алатау қаласының барлық елді мекенін қамтитын инженерлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай жоспарын бекітуді, мектептер мен медициналық нысандарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуді және цифрлық мемлекеттік қызметтерді барлық елді мекенге кезең-кезеңімен енгізуді сұрап отыр.

Мұның алдында Жанарбек Әшімжан 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуын шектеу тетігін әзірлеуді ұсынған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар