Қазақстанда онлайн сауда көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті
Қазақстандағы бөлшек e-commerce нарығы 2025 жылы 4,92 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Mastercard зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Зерттеу дерегінше, өткен жылы елде 363 млн онлайн транзакция жасалған. 2023 жылдан бері нарықтың орташа жылдық өсімі 28%-ды құраған.
Онлайн саудада сатып алулар саны тауарлардың жалпы құнынан жылдамырақ өсіп отыр. 2025 жылы транзакциялар саны бір жылда 99%-ға, ал нарық көлемі 25%-ға артқан. Осы кезеңде орташа чек 25 мың теңгеден 14 мың теңгеге дейін төмендеген.
Сарапшылар мұны қазақстандықтардың интернет арқылы ірі сатып алулармен қатар, күнделікті қажетті тауарларға да жиі тапсырыс бере бастағанымен байланыстырады.
Қазақстандықтардың шетелдік маркетплейстерге қызығушылығы да жоғары. Сауалнамаға қатысқан онлайн-сатып алушылардың 67%-ы шетелден тауар алған. Ал 2025 жылы трансшекаралық сауданың нарық өсіміндегі үлесі 39%-ға жеткен.
Бизнестің онлайн саудаға қызығушылығы да артып келеді. Зерттеуге қатысқан компаниялардың 81%-ы алдағы 12 айда онлайн-сатылым үлесін арттыруды жоспарлап отыр.
Mastercard болжамынша, Қазақстандағы e-commerce көлемі 2030 жылға қарай 11,1 трлн теңгеге жетуі мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Қазақстандағы ең ірі 50 интернет-платформа (инфографика)
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026