Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда балықшының қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілікті

kz.kursiv.media

Алматыда балықшының қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілікті

Алматының Түріксіб ауданындағы «Маяк» қалалық көлінде балықшы күтпеген олжаға тап болды. Ол судан балықтың орнына ішінде оқ-дәрілері бар сөмкені шығарып алған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 17:30 шамасында ер адам көлде балық аулап отырған. Бір сәтте ол қармағының ауыр затқа ілінгенін сезеді. Қармақ жібін тартып шығарғанда, су астынан сөмке шыққан.

Балықшы сөмкені ашып қарап, ішінен оқ-дәрі көрген соң, бірден «102» нөмірі арқылы полицияға хабар берген.

«Оқиға орнына Түріксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жетті. Оқ-дәрілер тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар патрондардың қайдан шыққанын және кімге тиесілі екенін анықтайды», – деп хабарлады ведомство.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар