Алматыда Есентай жағалауында көркем композиция пайда болады
Алматы қаласында Есентай жағалауының бойында жаңа қалалық арт-бағыт жасалмақ, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, ол Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аймақты қамтиды.
Кәдімгі сұр бетон қабырғалардың орнына мұнда Алматыға арналған жағалау бойына созылған көркем композиция пайда болады.
«Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, тұтас бір хикаяға айналады. Ал QR-код арқылы әнді тыңдап, композициядан оның мәтініндегі жолдарды тауып, арт-бағытты бойлай серуендеуге болады», – делінген ақпаратта.
Стрит-арт нысаны қозғалыс үстінде тамашалауға арналған. Яғни, жағалау бойымен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып, көркем хикая жалғаса береді.
Бетон беттерін безендіру үшін сыртқы жұмыстарға арналған кәсіби қасбет бояуы және Arton арнайы граффити бояуы пайдаланылады.
Айта кететін жайт, Алматыда Esentai Mall маңындағы Әл-Фараби даңғылының жол қозғалысы өзгеретіні хабарланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026