Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баянауылдың таулы аймақтары өртеніп жатыр

kz.kursiv.media

Баянауылдың таулы аймақтары өртеніп жатыр

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы таулы жерлерде табиғи өрт шықты. Сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kursiv.media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, Жанатлек және Қаратомар ауылдарындағы ауыл құтқарушыларының посттары жұмылдырылған.

Одан бөлек Баянауыл МҰТП және «Ертіс Орманы» қызметкерлері, Баянауыл ауылының ерікті құрылымдары, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі де көмекке келген.

«Барлығы 80-нен астам адам мен 30 техника тартылған. Өртті сөндіру және іргелес аумақты қорғау үшін үш учаске мен жедел штаб құрылды. Сөндіру жұмыстары қатты желге, таулы жер бедеріне және аумақтың жетуі қиын болуына байланысты қиындауда», – делінген ақпаратта.

Қазір өртті түпкілікті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы мекеменің ақпаратынша, елді мекендерге қауіп жоқ.

Ал кеше Абай облысында Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің Арасан учаскесіндегі табиғи өрт оқшауланды,

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар