Қазақстандық байланыс операторлары 27 млрд теңге үшін соттасып жатыр
Катарлық Power International Holding компаниясына тиесілі Mobile Telecom-Service (Tele2/Altel) мен «Қазақтелеком» тобына кіретін Kcell арасында 27,2 млрд теңге көлемінде сот дауы жүріп жатыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Дау 2022 жылы жасалған желіні бірлесіп салу және жаңғырту туралы келісімге байланысты болып отыр. Tele2/Altel Kcell-ден 27,2 млрд теңге айыппұл және 86,5 млн теңге мемлекеттік баж талап етіп отыр.
Өз кезегінде Kcell қарсы талап арыз беріп, Mobile Telecom-Service-тен 3,1 млрд теңге және 86,5 млн теңге мемлекеттік баж өндіруді сұраған.Екі талап 2026 жылғы 27 наурызда бір сот өндірісіне біріктірілген.
Сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Tele2/Altel-дің талап арызын сотқа дейінгі тәртіп сақталмаған деген негізбен қараусыз қалдырған.
Алайда 18 маусымда қалалық соттың апелляциялық алқасы бұл шешімнің күшін жойды.
Қазір іс қайтадан Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберіліп, дау мәні бойынша қаралуы тиіс. Сот отырысының нақты күні әзірге белгіленбеген.
Тағы да оқыңыз: Елде төртінші мобильді байланыс операторы қашан пайда болады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026