Бектенов нақты активтерді токенизациялау арқылы инвестиция тартуды ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан экономикасына қосымша инвестиция тарту үшін нақты активтерді токенизациялау тетігін кеңінен қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Үкімет отырысында ол елімізде цифрлық активтер индустриясын дамытуға қажетті негізгі заңнамалық және инфрақұрылымдық база қалыптасқанын жеткізді. Ендігі міндет осы мүмкіндіктерді экономикаға нақты пайда әкелетін құралдарға айналдыру.
«Цифрлық активтер мен жаңа қаржы құралдарын біртұтас қаржы және технологиялық экожүйеге біріктіру қажет. Нақты активтерді токенизациялауға баса назар аудару керек. Бұл экономикаға қаражат тартудың тағы бір тиімді құралына айналады», – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, токенизацияны инфрақұрылымдық жобаларды, жылжымайтын мүлік нысандарын, шикізат және басқа да активтерді қаржыландыру үшін пайдалануға болады. Мысалы, салынып жатқан ғимарат немесе ірі жоба инвесторлар сатып ала алатын цифрлық үлестерге бөлінуі мүмкін.
«Бізде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік нысандары, шикізаттық және басқа да активтер бар. Осы жобаларға қосымша қаражат тарту үшін токенизацияны пайдалануға болады. Мұндай жобаға кез келген адам акционер ретінде қатыса алады», – деп атап өтті Премьер-министр.
Бектенов Ұлттық банкке инвестиция тарту үшін токенизациялауға болатын активтердің нақты тізбесін айқындауды тапсырды. Сонымен қатар жаңа қаржы тетігі қауіпсіздік талаптарына сай реттеліп, цифрлық активтермен жасалатын мәмілелердің ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл соңына дейін токенделетін жобаларды атаған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026