Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежін жасағандар жазаланды
Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежін жасаған азаматтарға айыппұл салынды. Кортеж барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Әлеуметтік желілерде 90-жылдардағы тойларды еске түсіретін бейнежазба қызу талқыға түсті. Кадрларда сол кезеңнің стилінде безендірілген көліктер мен тойдың қарапайым көріністері бейнеленген.
Ішкі істер министрлігі мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс екенін хабарлады.
Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізілген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді.
Құқық бұзушылардың барлығы анықталып, олардың Қарғалы ауданының тұрғындары екені белгілі болды.
Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астанада бір жылда жол қозғалысы ережесін 306 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды. Ол жыл басынан бері белгіленген жылдамдықты 169 рет асырған, тағы 134 рет автобус жолағымен жүрген.
- Соңғы
- Қыркүйек, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қыркүйек 2026