Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғашқы жеңісіне жетті

kz.kursiv.media

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғашқы жеңісіне жетті

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан «Tech Mahindra Global Chess League-2026» командалық турнирінің сегізінші турында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«FYERS American Gambits» сапында өнер көрсететін қазақстандық шахматшы ресейлік Полина Шуваловамен кездесіп, бірінші ойындағы жеңілісі үшін 3:0 есебімен есе қайтарды.

Sportarena.kz мәліметінше, Асаубаева «Ganges Grandmasters» командасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы болды.

Осылайша, Бибісараның еншісінде бір жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар. Сегіз турдың қорытындысы бойынша «FYERS American Gambits» екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстандық шахматшыTech Mahindra Global Chess League командалық турнирінде FYERS American Gambits құрамында өнер көрсетіп келеді. Асаубаева командада өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге командада.

Жалпы жүлде қоры 1 млн доллар (454 млн теңге) болатын Global Chess League-2026 турнирі Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар