Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рыбакина - Соболенко: US Open финалын қашан қайдан көруге болады

kz.kursiv.media

Рыбакина - Соболенко: US Open финалын қашан қайдан көруге болады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен беларусьтік Арина Соболенко АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) шешуші финалында кездеседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жартылай финалда Елена Рыбакина АҚШ өкілі Коко Гауффтан (4-орын) басым түссе, Арина Соболенко американдық Джессика Пегуланы (3-орын) ұтқан болатын.

Кездесу 12-сінен 13 қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 01:00-ге жоспарланған. Аталмыш ойынды Кинопоиск платформасы арқылы немесе VK әлеуметтік желідегі Теннис парақшасынан көруге болады.

Айта кетейік, финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, келесі аптадан бастап Елена Рыбакина ресми түрде Арина Соболенконы басып озып, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанады.

Турнир жеңімпазы 5 500 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, өзіне 2000 рейтингтік ұпай еншілейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар