Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық файтер әрі актер Ербұлан Тоқтар айыппұл арқалады

kz.kursiv.media

Қазақстандық файтер әрі актер Ербұлан Тоқтар айыппұл арқалады

Әлеуметтік желідегі видеосы үшін танымал қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар жазаға тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желілерде Еркебұлан Тоқтардың боғауыз сөздер айтқан видеосы анықталған.

«Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды. Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп нақтылады прокуратурадан.

Еске салайық, 28 тамызда Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. өзбекстандық «Ханзаданы» нокаутпен жеңді. Нәтижесінде барлық үш жекпе-жегінде жеңіске жетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар