Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны WTA рейтингінде көш бастап, «Әлемнің бірінші ракеткасы» атануымен арнайы құттықтады.

Президент өз құттықтауында спортшының айрықша таланты мен тынымсыз еңбегін, сондай-ақ өзіне деген нық сенімін ерекше атап өтті:

«Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге», – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Сөз соңында Мемлекет басшысы чемпионға асулардан таймай, әлемдік аренада жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэнді жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар