Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық әскерилер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш затты жойды

kz.kursiv.media

Қазақстандық әскерилер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш затты жойды

Қазақстандық саперлер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді», – делінген хабарламада.

Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.

Айта кететін жайт, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы миссиясына қатысу үшін үшінші ұлттық бітімгерлік контингентін дайындап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар