Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Автонесие нарығы "салқындай" бастады: сұраныс неге төмендеді?

kz.kursiv.media

Автонесие нарығы салқындай бастады: сұраныс неге төмендеді?

Қазақстанда автонесиеге деген сұраныс айтарлықтай төмендеді. Биыл 6 айда көлік алуға өтініш білдіргендер қатары 9%-ға азайған. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 50%-дан асып, өрлеп тұрған еді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары бірнеше жыл бойы қарқынды өскен бұл саланың енді бәсеңдеу фазасына өткенін айтады.

Сұраныстың азаюына бірнеше негізгі себеп әсер етті. Ең алдымен, нарықта автокөліктердің көбеюі, банктердің несие беру саясатын қатаңдатуы және автосалон жеңілдіктері мен маркетингтік бағдарламалардың азаюы өз салқынын тигізді.

Сондай-ақ, халықтың нақты табысы өспей, несие саясат қатаңдаған соң, банктер өтінімдерді сақтықпен мақұлдай бастады. Нәтижесінде мақұлданған өтініштердің жалпы саны 13%-ға қысқарды (449,7 мың өтініш).

Оған қоса бұл кезеңде несие пайызы қымбаттады. Жылдық орташа сараланған мөлшерлеме 18,8%-дан 24,4%-ға бір-ақ секірді.

Бұған ресурс құнының өсуі ғана емес, нарықтағы қарыз алушылар құрамының өзгеруі де себеп. Себебі төлем қабілеті жоғары клиенттердің көбі жеңілдетілген бағдарламалар арқылы көлігін жаңартып үлгерді. Ал қазіргі сұраныс негізінен жоғары ставкалармен несие алатын азаматтарға ауысты. Бұл өз кезегінде халықтың қарыз жүктемесін арттырыды

Берілген автонесие көлемі 24,0%-ға құлдырап, 886,6 млрд теңгені құрады. Дегенмен, автонесие халықтың жалпы берешегіндегі 16,3% үлесін сақтап отыр. Халық негізіне 5-20 млм теңге аралығындағы көліктерді кредитке алады.

Сарапшылар алдағы уақытта нарық қайта жандануы мүмкін деп тұжырымдайды. Өйткені елдегі автокөлік өндірісі екі есе өсіп, 138,7 мың көлік шығарылған. Яғни нарықта отандық көліктерді ұсынысы артады. Оның үстіне, үшінші тоқсанда банктер мен автодилерлердің бірлескен бағдарламалары қайта жанданып, пайызы арзандайтын болса, бұл сегменттің қайта жандануы ғажап емес.

Осы ретте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автонесие талаптарының одан әрі қатаңдағанын қаламайды. Өйткені жергілікті көліктерді сату керек. Сала министрі Ерсайын Нағаспев осы мақсатта автолизинг пен автонесие тетіктерін жетілдіру қарастырылып жатқанын мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар