Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жарақат алған Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

kz.kursiv.media

Жарақат алған Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

«Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді.

Аmanvibe ақпаратына қарағанда, ол Англия чемпионатының (Чемпионшип) бесінші турында «Бристоль Ситиге» қарсы өткен матчтан (1:2) кейін мәлімдеме жасаған.

Бельгиялық маманның айтуынша, 18 жастағы қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірнеше апта ойынға қатыса алмайды.

«Өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шықты. Бұл – назар аударуды қажет ететін белгілердің бірі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті. Бірақ дайындығы толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені беруге тырысамыз, сонымен қатар оларды шамадан тыс жүктемеден қорғауға күш саламыз. Мұнда дұрыс тепе-теңдікті табу қажет», – деді Хайен.

Еске салайық, Чемпионшиптің алдыңғы турында Сатпаев «Бернли» сапында «Мидлсброға» қарсы матчты (1:1) негізгі құрамда бастап, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Қазақстандық шабуылшы ойынның 81-минутында алаңнан шыққан кезде жамбасының артқы тұсын ұстап тұрған.

Айта кететін жайт, Дастан Сәтбаев ағылшындық «Бернли» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында командадағы алғашқы әсерлерін айтып берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар