Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада он екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты

kz.kursiv.media

Астанада он екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Астана қаласының Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан он екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, осы сәтте елордалық ТЖМ құтқарушылары жалынды сөндіріп жатыр.

«Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде», – делінген мәліметте.

ТЖМ хабарлауынша, өрт сөндіру үшін судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы ақпарат бойынша, өрт оқшауланған. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер жоқ.

Шілде айының ортасында Астанада салынып жатқан ғимараттың шатыры өртенген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар