Қазақстанға шетелден алма әкелуге тыйым салды
Қазақстанда алма импортына уақытша тыйым салынды. 1 қыркүйекте ауыл шаруашылығы министрі тиісті бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Kursiv Media.
Құжатқа сәйкес, 3 қыркүйек пен 31 желтоқсан 2026 жыл аралығында Қазақстанға үшінші елдерден және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алманы көліктің барлық түрімен әкелуге болмайды.
Дегенмен тыйым салынбайтын жағдайлар да бар. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін алмаға, сондай-ақ экспортқа шығарылуы 3 қыркүйекке дейін рәсімделген және тиісті құжаттары бар өнімге шектеу қойылмайды.
Сондай-ақ Қазақстанға 3 қыркүйекке дейін нақты әкелінген, оның ішінде уақытша сақтауда тұрған алмаға да шектеу жоқ. Бұл жағдайда өнімнің елге осы күнге дейін кіргенін растайтын құжаттар қажет.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара отандық өндірушілерді қолдап, олардың өнімін тұрақты өткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Бұйрық 3 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қыркүйек 2026