Петропавл және Қостанайда Ресей Мемлекеттік Думасының сайлауы өтеді
Қазақстанның екі қаласында бүгін Ресей Мемлекеттік Думасына мерзімінен бұрын сайлау өтеді.
Sputnik Қазақстан хабарлауынша, Ресей азаматтары 6 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Петропавл және Қостанай қалаларындағы сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.
Петропавл қаласында Сәтбаев көшесі , 37 мекенжайында дауыс беру жәшіктері орналасқан. Учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Қостанай қаласында Бородин көшесі, 168 мекенжайындағы Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының конференц-залы таңдалған.
«Дауыс беру үшін Ресей Федерациясы азаматының жарамды төлқұжаты болуы қажет», – делінген ақпаратта.
Айта кететін жайт, 26 мамырда Ресей Мемлекеттік думасы елден кеткендердің, саяси баптар бойынша сотталғандардың мүлкіне тыйым салатын заң жобасын қабылдады.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қыркүйек 2026