Түркістан облысында күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді
Түркістан облысында тағы бір отбасында сұмдық қанды оқиға болды. Күйеуі үйінде, балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, қанға боялып жатқан анасын айқайдан оянған кіші ұлы тауып алған. Бала кеш оянып, анасына көмекке кешігіп қалғаны үшін өзін өмір бойы кінәлап өтетінін айтып қынжылып жүр.
Пышақ жарақатын алған әйелді жансақтау бөліміне жеткізгенімен, көп қан жоғалтқан. Соның салдарынан ақыры көз жұмды.
Отағасы әйеліне пышақ сұққаннан кейін, өз-өзіне де қол салған. Алайда ол аман қалып, дәрігерлердің көмегінен кейін қамауға алынды. Олар некеде ширек ғасыр тұрған. Төрт баланың ата-анасы атанған.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел бұрын полицияға ұрып-соғу немесе зорлық-зомбылық туралы ешқашан шағымданбаған.
«Күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ПД өкілдері.
Мұның алдында Семейде ер адам әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген еді.
- Соңғы
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
- Қыркүйек, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қыркүйек 2026