Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сырым Ізбасаров көшпенділер ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

kz.kursiv.media

Сырым Ізбасаров көшпенділер ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді. Отандасымыз Сырым Ізбасаров аударыспақтан чемпион атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Шешуші финалдық кездесуде Сырым Ізбасаров Қырғызстаннан келген қарсыласымен шеберлік байқасып, айқын басымдықпен жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, Сырым Ізбасаров бұған дейін Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да топ жарып, чемпиондық тұғырға көтерілген болатын.

Сонымен қатар, 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дарын Өткелбай да аударыспақтан алтын медаль иеленді.

Бұған дейін, Қазақстан аударыспақтан екі алтын мен бір күміс медаль алған еді. Осылайша қазіргі таңда Қазақстан құрамасы аударыспақ бойынша төрт алтынға ие болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар