Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей әскери базасын әкетсе, Армения қарсы болмайды – Никол Пашинян

kz.kursiv.media

Ресей әскери базасын әкетсе, Армения қарсы болмайды – Никол Пашинян

Ресей өз әскери базасын ел аумағынан шығаруға шешім қабылдаса, Ереван бұған қарсылық білдірмейді.

«Арменпресс» агенттігінің хабарлауынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян осылай мәлімдеме жасаған.

«Біз осы уақыт ішінде Ресейдің әскери базасы мәселесін бір де бір рет көтерген жоқпыз. Оның себебі – Армения аумағында Ресейдің 102-ші әскери базасының болуы біз үшін өмірлік маңызы бар деп санайтынымызда емес», –деді Пашинян.

Оның айтуынша, егер Мәскеу әскери базаны шығару туралы шешім қабылдаса, Армения оған кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, егер Мәскеу базаның жұмысын жалғастырғысы келсе, Ереван Ресей тарапымен оны сақтау мүмкіндігін талқылауға дайын.

Александр Невский орденді Ресейдің 102-ші әскери базасы Гюмри және Ереванда орналасқан.

Айта кететін жайт, Армения парламентіндегі «Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Саргис Ханданян «біздің ҰҚШҰ-дағы қатысуымызды қайта жандандыруға мәжбүрлейтін ешқандай себеп немесе жағдай жоқ» деп мәлімдеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар