Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қорғаныс және Ішкі істер министрлері өз қызметтерін сақтап қалды

kz.kursiv.media

Қорғаныс және Ішкі істер министрлері өз қызметтерін сақтап қалды

Президент жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары қайта тағайындалды. Тиісті Жарлықтар Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ержан Сапарбекұлы Сәденов ҚР Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. Осылайша, ол министр қызметін әрі қарай жалғастыратын болды.

«Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.

Дәурен Жұматайұлы Қосанов та ҚР Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке алғаш рет 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған болатын.

Осы уақыт ішінде Қорғаныс министрі қызметін 1 жыл 2 ай 26 күн атқарып келген Қосанов ведомство басшысы ретіндегі жұмысын әрі қарай жалғастыратын болды.

«Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген жарлықта.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Мұның алдында президент Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар