Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зардап шеккендер 1000 асты: Непалда ГЭС жұмысшыларын іздеу жалғасуда

kz.kursiv.media

Зардап шеккендер 1000 асты: Непалда ГЭС жұмысшыларын іздеу жалғасуда

Непалда көшкін мен су тасқынынан кейін Расувагадхи гидроэлектр станциясының тоннельдерінде қалып қойған жұмысшыларды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алғашында 900-ден астам адам із-түзсіз жоғалған еді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Reuters ақпаратына сүйенсек, соңғы мәліметтер бойынша, тоннельдерден 279 адам аман құтқарылды. Дегенмен, кем дегенде 639 адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде. Олардың кейбірі гидроэнергетикалық нысандардың тоннельдерінде қалып қойған болуы мүмкін.

«Расувагадхидегі тоннельдің ішіндегі бөлме сияқты орында 46 адам қамалып қалды деп болжап отырмыз. Бір апта өтсе де, олардың аман екеніне толық сенімдіміз, өйткені ғимаратта азық-түлік пен су бар», – деді Непал электр энергетикасы басқармасының басқарма мүшесі Амшу Киран Шахи.

Қатты зардап шеккен Расува ауданында орналасқан қуаты 111 мегаватт болатын Расувагадхи ГЭС-і Непалдың Қытаймен шекарасынан шамамен 5 шақырым жердегі таулы аңғарда орналасқан.

Непал армиясының өкілі Раджа Рам Баснеттің айтуынша, құтқарушылар басқа электр станцияларындағы адамдар орналасуы мүмкін бөлмелері бар тоннельдерден де аман қалғандарды іздестіріп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен тағы бір нысанда қалың батпақтың кесірінен тоннельдерді табу үшін құтқарушыларға алты күнге жуық уақыт қажет болғаны хабарланды.

Құтқарушылар Непалда қолжетімді барлық технологияны қолдануда. Сонымен қатар Қытай, Үндістан, Корея елдерінің мамандары көмекке тартылып, Австралия сарапшылары кеңес беруде.

Табиғи апат 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында болды. Қытайлық мамандардың қорытындысы бойынша, Непалдағы биік таулы мұздықтың бір бөлігі ойылып түскен. Түскен масса өзімен бірге тастар мен топырақты сүйреп, жойқын ағын түзеген. Ол 6-7 минутта шекаралық өткелге жетіп, кенеттен су тасқынын тудырған.

2 қыркүйектегі мәліметтер бойынша, Непалда кем дегенде 1114 адам қаза тауып, 2916 адам жоғалғандар тізімінде тұр. Ал Қытайдың Тибет аймағында қаза тапқандар саны 16 адамға жетіп, тағы 546 адам хабар-ошарсыз кеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар