Қарызы бар шетелдік жүк көліктері Ресейге кіре алмайды
Ресейде шетелдік жүк көліктеріне қатысты ережелер өзгерді. Енді ақылы жолдар бойынша берешегі бар ауыр жүк көліктері Ресейге кіре алмайды және елден шыға алмайды. Бұл туралы Kursiv.media РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті қаулыға Ресей үкіметі қол қойды. Оған сәйкес, 1 қыркүйектен бастап шетелдік компанияларға тиесілі жүк көліктері ақылы жолдар бойынша төленбеген айыппұлы болса, Ресей аумағына кіре алмайды және елден шыға алмайды.
Жаңа ереже Ресей аумағы арқылы өтетін барлық халықаралық автомобиль тасымалына қатысты. Оның ішінде транзитпен өтетін ауыр жүк көліктері де бар.
Жаңа тәртіп шетелдік тасымалдаушылардың төлем тәртібін күшейтуге бағытталған. Кеден органдары жүк көліктерінің берешегі бар-жоғын мемлекеттік және муниципалдық төлемдер туралы мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы тексереді.
Егер берешек анықталса, кеден қызметкерлері шетелдік жүк көлігінің Ресейге кіруіне немесе елден шығуына тыйым салу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар жүргізушіге ақылы жол үшін тиісті төлемді өтеу қажеттігі туралы талап беріледі.
Айта кетейік, Астанаға да транзиттік жүк көліктерінің кіруіне тыйым салынды. Енді олар айналма жолмен жүруі керек.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қыркүйек 2026