Елена Рыбакина WTA live-рейтингінде көш бастады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы Live Tennis порталы хабарлады.
US Open турнирінің алдындағы ұпайларды қайта есептеу нәтижесінде Рыбакинаның еншісінде 7 911 балл жиналды. Осылайша ол 6 585 ұпайы бар Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.
Алайда бұл – турнирлер барысында құбылып отыратын аралық (live) көрсеткіш. WTA-ның ресми рейтингінде Рыбакина әлі де екінші орында келеді, ал әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін Арина Соболенко сақтап тұр.
Спортшының өзі рейтингтегі өзгерістерге аса бас қатырмайтынын жеткізді.
«Мен рейтинг туралы мүлдем ойламауға және әр матчқа жеке дайындалуға тырысамын. Қазір мен үшін ең бастысы — денсаулығымды күту және жарақат алмау», — деді Елена Рыбакина.
Елена Рыбакинаның қандай жағдайда әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін екенін толығырақ мына жерден оқи аласыз.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
31 тамыз 2026