Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтай төрағасына ұсынылған Айбек Дәдебай кім

kz.kursiv.media

Құрылтай төрағасына ұсынылған Айбек Дәдебай кім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап.

Жоғары заң шығарушы органның басшылығына келген мемлекет қайраткері туралы не білеміз?

Айбек Арқабайұлы Дәдебай 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2008–2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011–2013 жылдары – БҰҰ-дағы (Женева қаласы) Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің атташесі, үшінші хатшысы;

2013–2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Хатшылық меңгерушісі;

2019–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021–2022 жылдары – ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары;

2022–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы;

2024–2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

2026 жылдың мамырынан бастап – «Әділет» партиясының Төрағасы.

Айбек Дәдебай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы осы оқу орнында «аймақтану магистрі» біліктілігін алған. Оның II класты Кеңесші дипломатиялық рангі бар.

Айта кетейік, бүгін, 28 тамыз күні Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр. Президент Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар