«Қайрат» «Аталантамен» ойнайды: конференция лигасындағы қарсыластары анықталды
Монакода өтіп жатқан жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» конференция лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайтын қарсыластарын білді. Жалпы кезеңнің форматына сәйкес Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 6 матч өткізеді, 3 ойын өз алаңында, 3 ойын сыртта өтеді.
«Қайраттың» өз алаңында (Алматыда) өткізетін ойындары: «Панатинаикос» (Грекия), «Университатя Крайова» / U. Craiova (Румыния), «Мьельбю» / Mjällby (Швеция)
«Қайраттың» қонақта өткізетін матчтары: «Аталанта» (Италия), «Твенте» (Нидерланды), «Рига» (Латвия)
Еске сала кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі кездесулер 2026 жылдың қазан мен желтоқсан айлары аралығында өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша 36 команданың ішінен үздік 24 ұжым плей-офф сатысына жолдама алады.
- Соңғы
- Тамыз, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 тамыз 2026