Қостанайда өгей баласын өлтірген ер адам 23 жылға сотталды
Қостанай облысы Жітіқарадағы атышулы кісі өлтіру оқиғасы бойынша үкім арнайы сотта жарияланды. Қаза тапқан жасөспірімнің өгей әкесі 23 жылға сотталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
2026 жылдың сәуір айында Жітіқарадағы отбасылардың бірінде отырыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Отағасы туысымен бірге ішімдік ішкен, қонақ кеткеннен кейін ер адам мен оның әйелі арасында жанжал шыққан. Жанжалдың қызған шағында ол әйеліне пышақпен шабуыл жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, анасына ұлы араша түспек болып, 15 жасар жасөспірім қаза тапқан. Ал әйел бірнеше жерінен жарақат алса да аман қалған.
Сот айыпталушыны есі дұрыс деп тапты, ол өкініп, кешірім сұрады. Бұған дейін прокурор оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған, туыстары өмірлік түрме жазасын талап еткен.
«Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі «Кісі өлтіру», сондай-ақ 99-бабының 2-бөлігі 10, 13 және 14-тармақтары бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және орташа қауіпсіздік мекемесінде 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деп шешті судья.
Моральдық зиянды өтеу ретінде Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды ішінара қанағаттандырып, қаза тапқан жасөспірімнің анасына 15 миллион теңге және оның әкесіне 5 миллион теңге төлеуді міндеттеді.
- Соңғы
-
-
- Тамыз, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 тамыз 2026